Call +972-508-77-22-11 Call +972-361-61-011 Call Heart4u info@heart4u.ru

Урология

158_zoom

Урология

Depositphotos_3369421_XS-300x235

Израильдегі урология саласының мамандары ерлердің  несеп шығару-жыныс жүйесінің ауруларын және  әйелдердің зәр шығару жүйесінің ауруларын емдеумен және анықтаумен айналысады.  Дәл осы мамандар несеп тоқтамау, жыныс мүшесінің патологиялық жағдайы, эрекциялық әрекетсіздік сияқты шетін мәселелерді шешумен айналысады. Осы саланың мамандары өзгерістерді ең бастапқы кезеңде анықтауды  мүмкін ететін, қазіргі замандағы ең озық диагностикалық тәсілдерді пайдаланып, жұмыс жасайды.   Қазіргі заманға сай, қауіпсіз препараттарды қолданып, дәрімен емдеу  тиімді болса, қолданылады. Алайда, көптеген  «медициналық туристердің» арасында қос-қос проблемаларды бірден шешуді мүмкін ететін хирургиялық ем  кеңінен танымал болып тұр..  Мұнда израильдік  урология ең тиімді және қауіпсіз тәсіл ретінде танымал болған, қазіргі заманғы аз инвазиялық эндоскопиялық тәсілдерді  қолдану жолымен дамып келеді.

Heart4u клиникасының урология мамандары урология саласындағыкөптеген ауруларды анықтаумен және емдеумен айналысады:  

  • урологиялық  диагностика (осында)
  • дизуриялық ауруларды емдеу;
  • несеп құрамы мен мөлшерінің өзгеруін анықтау;
  • несеп жолынан патологиялық іріңдер шығуда анықтау, сонымен қатар, шәруат өзгерісін анықтау;
  • Жыныс мүшесінің қисаюын түзету;
  • физмозды, парафимозды емдеу;
  • гипоспадияны түзету;
  • енбаудың қабынуын емдеу;
  • крипторхизм мен  анорхизмды емдеу;
  • цистоскопия, несеп жолдарын катетерлеуді, уретероскопияны жасау;
  •  хромоцистоскопия жасау;
  • шолу  рентгенографиясын, эксреторлық урографины, ретроградтық  уретеропиелографияны, цистографияны, ретроградтық уретрографияны, бүйрек тамырларын рентгенологиялық зерттеуді, рентгендік компьютерлік томографияны, ренорадиографияны, ультрадыбыстық зерттеулерді  жасау;
  • ісіктерді  жіңішке инемен биопсия жасау;
  • бүйректегі сарысулы ісіктерге пункциялық  склеротерапия жасау;
  • абсцесстерді тері арқылы құрғату;
  • тері арқылы нефростомия жасау;
  • несеп тастары пайда болу ауруын дәрілік терапия,  толқындысоққы литотрипсия, эндоскопиялық тәсілдер қолданып, хирургиялық жолмен, тері арқылы нефролапаксия тәсілдерімен емдеу;
  • простат безінің аденомасын дәрілік препараттар қолданып және трансуретральдік  резекция жасау тәсілімен емдеу;
  • простата безі рагының  диагностикасы;
  • бүйректің және несеп шығару жолдарының жарақаттық зақымдануын  хирургиялық жолмен емдеу;
  • әйелдердің несеп ұстамауын қазіргі заманға сай тәсілдер қолданып, хирургиялық түзету;
  • жыныс мүшесі мен ұманың  жарақатын хирургиялық тәсілмен емдеу;
  • бүйрек, қуықтың дамуындағы ақаулықтарды түзету;
  • нефроптозға  лапароскопиялық  нефропексия жүргізу;
  • су жиналған нефрозды қайта құру-пластикалық операциямен емдеу;
  • эрекциялық әрекетсіздік пен еркектің белсіздігін анықтау және емдеу   .

Толығырақ