Call +972-508-77-22-11 Call +972-361-61-011 Call Heart4u info@heart4u.ru

Органдар трансплантациясы

1235203626_organy27746(300x238)

Органдар трансплантациясы

cardiothoracic2

заманауи медицинаның ең күрделі салаларының бірі, хирургтардың зергерлік нақтылықты және барлық жаңа медициналық технологияларды сенімді игеруін талап етеді. Органдарды ауыстыру бөлімшелерінің хирургтары ерекше шеберлікпен органдарды трансплантациялау бойынша оталарды жасайды, олардың осы саладағы жетістіктері шет елдерінде кеңінен танымал. Көптеген елдердің жүздеген науқастары осы мамандарда емделу мүмкіндігін алу үшін, Израильде емделуді шешті.

 

Израильдік дәрігерлер табысты айналысады:

  • Бүйрек трансплантациясымен
  • Ұйқы безі трансплантациясымен
  • Бүйрек пен ұйқы безі үйлестірілген трансплантациясымен – диабетке шалдыққан немесе бүйректің зақымдануын алған науқастар үшін.
  • Бауыр циррозымен шалдыққан науқастар үшін бауыр трансплантациясымен
  • Бауыр бөлігінің трансплантациясымен
  • Донор ағзасына қандай да болса шығын келтірусіз инновациялық лапароскопиялық әдіспен (үш кішкентай кесулер жасау арқылы) бүйрегін алу.
  • Лапароскопиялық әдіспен органдарды трансплантациялау

 Қатты бүйрек жетіспеушілігіне шалдыққан науқастар үшін, бөлімшеде органның ауыстыру сәтіне дейін қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін MARS  бауырдың жұмысын қолдаудың бірегей жүйесі жұмыс жасайды.

Дәрігерлер өздерінің негізгі мақсаттары ретінде науқастардың физикалық, сонымен қатар психологиялық тұрғыдан өмір сапаларын жақсартуда көреді. Бөлімшеде медицинаның түрлі салаларында маманданатын,  халықаралық деңгейдегі кәсіби маманда тығыз байланыста жұмыс жасайды:

  • Хирургтар
  • Трансплантология саласындағы мамандар
  • Нефрологтар
  • Патологтар
  • Инфекциялық ауруларды емдеу саласындағы мамандар, олар науқасты органдарды ауыстырудан кейін инфекция пайда болуы қауіпіне байланысты үнемі қадағалайды.
  • Рентгенологтар

Бөлімшеде сонымен қатар науқастарға психиатрлар, әлеуметтік қызметкерлер, диетологтар қызмет көрсетеді. Дәрігерлер отадан кейін ұзақ уақыт бойы науқастың денсаулығына мұқият бақылау жасауды жалғастырады, оған гигиена мәселелері бойынша, ол қабылдаған дәрілер бойынша толық нұсқаулықтармен қамтамасыз етеді.