Пациент құқықтары

Израильдегі науқастардың құқықтары туралы Заң. Израильдегі науқас адамның құқықтары.

Науқас адамның құқықтары туралы Заң 1996 жылдың мамыр айында Кнесет* мәжілісінде қабылданған және 1996 жылдың тамыз айында күшіне енген.
Заң Израильде медициналық көмек сұраған немесе медициналық ем қабылдап жатқан адамның абыройы мен жеке өмірін қорғай отырып, оның құқықтарын сақтайды.
Заң медициналық көмекке жүгінген адамдар мен дәрігерлер және медициналық қызметкерлер арасындағы қарым-қатынастарды анықтайды.
Емделу процессіне медициналық қызметкерлермен қатар, науқас адам да қатысады.
Израильдегі науқас адамның құқықтары туралы заңның негізінде , науқас адам әдетте, қажетті ем алу құқығын орындата алады деген ұстаным жатыр.
*Ескерту. Кнессет — Израиль билігінің заң шығарушы органы, парламенты.

«Бұл заңның мақсаты болып медициналық көмекке жүгінген немесе медициналық ем қабылдап жатқан адамның құқықтарын анықтау, оның абыройы мен дискреттілік (жеке даралық) құқығын қорғау табылады».
Израильдің денсаулық сақтау министрлігі 2008 жылы Израиль аумағында жүрген және медициналық көмекке мұқтаж болған кез келген адамның құқықтарына қатысты негізгі ережелер жинағын барлығына қол жетімді етіп, жинақы түрде жария еткен.
1. Медициналық көмекке мұқтаж болған кез келген адам оны израильдің денсаулық сақтауға қатысты шарттары мен келісімдерге сәйкес алуға құқылы. Төтенше жағдайларда көмек еш бір шарттарсыз көрсетіледі.
2. Медициналық көмек діни сеніміне, ұлтына, жынысына, азаматтығына және т.б. қарамастан, барлық адамдарға көрсетіледі.
3. Емделуші медиктердің кәсіби және сергек қарауына құқылы.
4. Төтенше немесе емделушінің өмірі үшін қауіпті жағдайларда оған қандай да болмасын, қолдан келетін көмек көрсетіледі. Қажет болған жағдайда, емделуші басқа медикке немесе оған көмек көрсете алатын, басқа медициналық мекемеге ауыстырылады.
5. Емделуші өзінің емделуіне қалай да болмасын, қатысы бар адамның аты мен лауазымын сұрап білуге құқылы.
6. Емделуші өз бетінше, оның денсаулығымен айналысып жатқан мамандардан басқа да, мамандардың консультациясына жүгінуге құқылы, мұндайда оны емдеп жатқан дәрігерлер оған бұл мәселеде көмек көрсетуге міндетті.
7. Басқа дәрігерге немесе басқа клиникаға ауысып бара жатып, емделуші қажетті медициналық көмекті әрі қарай тиісті деңгейде алатынының кепілі ретінде, медиктер немесе медициналық мекемелер арасында ынтымақтастық туралы өтініш жасауға құқылы.
8. Емделуші емделу барысында және ол аяқталған соң да, өз абыройын қорғауға, дискреттілігі мен оның ауруына қатысты барлық мәселелер бойынша дәрігерлік құпияның сақталуына құқылы.
9. Емделуші емделуге келісім бермей тұрып, оның барысы және болжамды нәтижелері туралы толық ақпарат алуға құқылы, сонан соң өз бетінше шешім қабылдау керек.
10. Емделу барысында емделуші медициналық істерден және тікелей оны емдеуші дәрігерлерден емделу барысы туралы толық ақпарат алуға құқылы.
11. Емделуші қажет деп тапқан жағдайда, денсаулық сақтау жүйесінің немесе медициналық мекеменің кез келген қызметкерінің үстінен тиісті инстанцияға шағым түсіруге құқылы.
12. Шағым түсіріп, емделуші ол істің жүргізілген-жүргізілмегені туралы және жауап ретінде қандай шара қабылданатыны туралы білуге құқылы.