Наша клиника

«Heart For You» клиникасының қызмет көрсету алгоритмы

  1.  «Heart For You»  клиникасының  коммуникацияларың алғашқы қадамы – бұл емделушімен байланыс орнату, оның медициналық құжаттарын алу және оларды онлайн-режимде  өңдеу.  Сонымен қатар, әр бір емделуші, клиникаға келмей тұрып, қарамағына емделушінің барлық сұрақтарына жауап беріп,  емделушіні Израильде алып жүру үшін жауап беретін жеке менеджер алады.
  1. Біз емделушінің тұратын жерінде жасалған барлық медициналық талдаулар мен қорытындыларды қабылдаймыз. Сіз барлық медициналық құжаттардың сканерленген  нұсқаларын, сонымен қатар төлқұжаттарды Сіздің «Жеке кабинетіңізге»  жүктейсіз, сонан соң біздің дәрігерлер осы құжаттарды қарап, емдеу схемасы бойынша қорытынды береді,  сонымен қатар, Сіздің уақытыңыз бен қаражатыңызды үнемдеу үшін,  тұратын жеріңіздің өзінен жасалатын қосымша тексерулер мен талдауларды тағайындауы мүмкін.
  1.  «Heart For You»  клиникасында маман-дәрігердің  қайталап жасалатын консультациялары тегін өткізіледі. Яғни, Сіз маман-дәрігерге баратын болсаңыз, ол Сізді  тексерулерге, талдауларға, емделуге, т.б.  жібереді, сонан соң Сіз оған қайтып келесіз, сонда өзге клиникалар мен медициналық мекемелерден айырмасы- Сіз екінші консультация үшін ақы төлемейсіз.
  1. Егер Сіз диагностикадан басқа, бізде емделетін болсаңыз, емделіп болған соң, бір жылдық бақылауды тегін аласыз. Сонымен қатар, Сізге «Жеке дәрігер» қызметы бір жылға тегін беріледі, бұл Сіздің  емделуден кейін бір жыл ішінде израильдік дәрігер-терапевтпен кез келген медициналық мәселе бойынша кеңесе алатыныңызды білдіреді.
  1. Тексеріліп болған соң клиника дәрігерлері  Сіз өзіңіз тұратын жерде емделе алатындай  ұсыныстар мен емделу схемасын ұсынады (мұндай мүмкіндік болған жағдайда).  Сіздің Израильде жүруіңіздің соңында Сізге орыс тілінде жасалған соңғы медициналық қорытынды беріледі.
  1. Емделушінің еркі бойынша  біз  Израильде жүріп-тұру үшін қажет  болғанның барлығын ұйымдастырамыз: қонақ үйіне тапсырыс, әуе жайдан күтіп алу, Өлі теңізде емдік демалыс, толық алып жүру, экскурсиялар және тағы да көптеген қызметтер.
  1. Алып жүру – әр бір емделушіге әуе жайдан күтіп алып, Израильде болған кезінде  емделуші орналасқан қонақ үйге немесе пәтерге келіп, оны медициналық тексерулерге, емделуге алып барып, онымен бірге жүріп, алып қайтатын менеджер беріледі. Алып жүруші менеджерлер екі тілде сөйлейді (орыс және иврит тілдері) және Сізге қажетті жерлердің барлығында көмек көрсетеді, Сіздің сұрақтарыңызға жауап береді (таксиге тапсырыс беру, дүкендерді аралау, мейрамханалар мен тамақтану орындарына  бару, экскурсиялар ұйымдастыру және емделушіде пайда болатын қандай да болмасын, мәселелрдің барлығы).
  2. «Heart For You» клиникасы  емделудің толық бағасын алдын-ала есептейді (мүмкіндігінше), егер оған  қосылмаған қызметтер  бар болса, емделуші  өзінің Израильде емделуіне, жүріп-тұруына  жаратылатын  шығындарын алдын-ала жоспарлау үшін,  біз оны  міндетті түрде көрсетеміз. Израильге барып емделу туралы шешім қабылдаған жағдайда, емделуші  емделу туралы  ниетін растау ретінде  депозитке АҚШ 250 доллары мөлшерінде қаражат  құяды. Бұл қаражат  соңғы  есеп айырысу барысында қызметтерге төленетін  жалпы сомаға қосылады. Тексерілу және емделу курсы келісілген соң, емделушіге  Израильге келген кезде тексерілуді бастамай тұрып  төленетін, алдын-ала жасалған смета  қойылады.   Қосымша қызметтерден өту қажет болған жағдайда,  мұндай қызметтер алу  емделушімен алдын-ала келісіледі және тек емделушінің шешімі бойынша көрсетіледі. Клиника мен емделушінің арасындағы барлық қарым-қатынастар медициналық қызмет көрсету туралы келісім-шарттың негізінде құрылады. Егер толық тексерілу  мен емделудің сметалық сомасы емделуге жаратылған нақты сомадан асқан жағдайда, клиника айырманы қайтаратынына  кепіл болады.

Төлем мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:

1. Қаражатты банк карточкасына аудару.

2. Western Union

3. Қаражатты банк шотына аудару.

4. Қаражатты қолма-қол төлеу.

9. Сонымен қатар, емделушінің келетін күнін біле тұра, біз алдын-ала оны маман-дәрігерлерге және әр түрлі тексерулерге, зерттеулерге жазып қоямыз,  сонда емделуші тексеруден тез арада өтіп, оның  қаражаты айтарлықтай  үнемделеді.  

10. Клиника  «Жеке дәрігер» немесе «24/7» бірегей қызметтерін көрсетеді.  Бір айлық/бір жылдық абонемент сатып алған соң емделушіге  «Жеке кабинетке» кіруге рұқсат беріледі, мұнда ол барлық медициналық ақпаратты, құжаттарды, талдауларды, қорытындыларды, бейнежазбаларды, рентгендері, т.б. сақтай алады, барлық ақпарат емделуші үшін әлемнің кез келген нүктесінде қол жетімді болады және біздің серверде сақталады.  Сонымен қатар, ден саулығы жайлы сұрақтары болса, емделуші кез келген уақытта жеке менеджерымен немесе дәрігер-терапевтпен байланыса алады . Осыған қосымша, бұл қызметке 4 маман-дәрігердің (терапевттен бөлек) консультациясы жатады.

11. Біз дәрігер  жазып берген қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алуға көмектесеміз.

12. Сіз қашан болса да, бізбен электрондық пошта, телефон, скайп немесе біздің сайт арқылы байланысып, кез келген сұрағыңызды қоя аласыз, және жауабыңызды мүмкіндігінше қысқа мерзімде аласыз.