Call +972-508-77-22-11 Call +972-361-61-011 Call Heart4u info@heart4u.ru

Медициналық туризм

Израильдегі медициналық туризмtourism

Сіз шет елде  емделу туралы шешім қабылдадыңыз ба?

Мемлекетті, клиниканы, маман-дәрігерді  қалай таңдау керек?  Біз осы және одан басқа да көптеген мәселелеріңізді шешуге   тырысамыз.

Израиль медицинасы  - бұл жылдамдықтың, диагнозды дәл қойылуының  және емделудің мүмкіндігінше тиімділігінің  кепілі.  Жыл сайын  Израильдың озық технологиялары мен  дәрігерлері  осында бүкіл  әлемнен  емделуге келетін  мындаған шет елдік азаматтарды сауықтырады.   Әр жылы Израильде  емделу үшін  шет елдерден  шамамен   30 000 емделуші келеді.  Израильдегі медициналық туризмның әйгілілігі – бұл израиль медицинасының  жоғары деңгейі мен басқа дамыған елдерге қарағанда, медициналық қызметтердің біршама  төмен бағаларының  нәтижесі.

Медициналық   туризм — бұл кешенді қызмет, оған  шет елде  тексерілу және емделу, емделушіні  клиникаға орналастыру және  оны  клиникада, қонақ үйінде  алып жүру,  Израильде емделіп жүрген кезінде емделушінің барлық тұрмыстық мәселелерін шешу, сонымен қатар,  емделуден қолы бос кезде  бос  уақытын өткізу    жатады.

Израильдік  денсаулық сақтау саласының инновациялық жүйесі  дәрігерлерінің жоғары біліктілігі, тәжірибесі мен   мелекеттегі барлық ауруханалардағы  заманға сай  құрал-жабдықтардың  арқасында  әлемдегі ең үздіктердің бірі болып саналады.  Израильдік  дәрігерлердің   беделі  олардың  аса зор тәжірибесі мен  медицинаның барлық салалаларындағы терең зерттеулерден алынған білімдеріне  негізделген.

HEART FOR YOU – бұл Сіздің әлемдегі ең үздік медициналық қызмет көрсетуге жету жолыңыз.