Call +972-508-77-22-11 Call +972-361-61-011 Call Heart4u info@heart4u.ru

Аллергия және иммунитет

bd66ab7f87e4

Аллергияның диагностикасы және емдеу

IMG_3608-Edit

Аллергиялық аурулардың кең тараған сипаты бар. Статистика бойынша, әлемдегі адамдардың шамамен 10% осы аурудан зардап шегуде. Аллергия – бұл иммундық жүйенің тітіркендіргішке әсер ету реакциясы, яғни аурудың қандай да болса сипаттарының орын алуы иммунитеттің кемшіліктерін білдіреді. Соңғы ауқытта иммунологиялық сипаттағы аурулардың саны жоғарлауы байқалады. Бұл иммунологияның дамуына және емдеудің жаңа әдістер пайда болуына ықпал етті.

Ауру түрлі факторлармен шартталуы мүмкін: тамақтанумен, медикаменттермен, декоративтік косметика құралдарымен, шаңмен, жануарлық өнімдермен, тұрмыс химиясы құралдарымен және т.б. Аллергендер ағзаға тері арқылы, тыныс жолдарының шырықты қабығы арқылы, ас қорыту жолы арқылы түседі. Аллергиялық реакциялардың келесі нұсқалары белгіленеді: респираторлық аллергия, аллергиялық дерматоздар, тыныс жолдарының аллергиясы, аллергиялық конъюнктивит, аллергиялық бөртулер, аллергиялық бөртпе, анафилактикалық шок.

Аурулар пайда болуына әсер ететін негізгі фактор – Е санат иммуноглобулиндардың жоғарлаған синтезімен байланысты тұқым қуалаушылық факторы. Ағзаның осы қасиетін атопия деп атайды, яғни тұқым қуалайтын аллергиялық ауруларды – атопиялық деп атайды. Осы ауру көп жағдайларда созылмалы болып табылады. Ағзаның қорғаныс функцияларының төмендеуіне стресс, экология, тамақтанудың бұзылуы және т.б. әсер етеді деген пікір бар.

Диагностика 

Израильде аллергияны, сонымен қатар иммунитетпен байланысты басқа да ауруларды емдеудің басты мәселесі, дәрігерлер ұзақ уақыт бойы аллерген-тітіркендіргішті орнатуға мүмкіндігін болмаған. Тиісті түрде, қажетті терапияны өз мерзімінде тағайындау да қиын. Емдеу барысында диагностикалық зерттеулердің толық кешенін жүргізуге мүмкіндік беретін ең заманауи медициналық технологиялар қолданылады,

  • Тері тестілері;
  • Қанның биохимиялық талдауы және иммуноглобулиндерге талдау;
  • Спирография;
  • Метахолинмен тестілер (бронхо арандатушы);
  • Мұрын және жоғарғы тыныс жолдарының эндоскопиясы (шырышты қабықтық биопсиясы мүмкін);
  • Кеуде қуысының рентгені;
  • Өкпелер мен синустардың компьютерлік томографиясы;

Израильде аллергияны емдеу кезінде, әр науқас үшін диагностикалық зерттеулер жеке түрде жүргізіледі.

Нақты диагностикалық деректер негізінде емделудің жеке стратегиясы әзірленеді, медикаментоздық курс, элиминациялық терапия, аллерговакцинация қарастырылады, тамақтану, тұрмыс және т.б. бойынша ұсыныстар беріледі.

 

Аллергияны емдеу

Иммунолог-аллергологтар Израиль клиникаларында аллергиялық ринит, дерматит, бастапқы иммундық дифицит, ас аллергиясы, жәндіктердің шағуы, астма, синусит, лактеске аллергия, аутоиммундық аурулар, күнге аллергия және басқа аллергия мәселелері табысты емделеді.

Израиль клиникаларындағы балалар иммунологиялық бөлімшелері жүктілік мерзімінде ауруларды алдын алу мүмкіндігін ұсынады, қосымша иммунодефициттерді анықтайды, иммунологиялық емдеу әзірлейді, баланың қоршаған ортасынан мүмкін болған аллергендерді жою бойынша ұсыныстар береді, иммуномодуляторларды таңдайды.

Емдеу кезінде ағзаның жылдам тазартуына ықпал ететін қанды экстракорпоральдік тазарту сияқты, үздік технологиялар қолданылады.

Израильде аллергияны емдеумен айналысатын иммунологиялық орталықтардағы интенсивті терапия бөлімшелеріне ерекше назар аудару керек. Мемлекеттік қаржыландыру көлемінің арқасында жаңа медициналық жабдықты пайдалану мерзімі 3-4 жылдан аспайды.

Өлі теңіз өзінің бірегей қасиеттерінің арқасында иммунологиялық сипаттағы аурулардың емделуіне ықпал етеді және кешенді емделу кезінде ұсынылады.

Израильде аллергия мен иммундық жүйе ауруларын емдеу әлемдік стандарттарға және емделу кестелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Емделу тиімділігінің коэффициенті – әлемдегі ең жоғарылардың бірі.

Израильдегі аллергияны емдеуге арналған клиникаларда жаңа медициналық жабдық, жоғары санатты медицина мамандары бар. Израильде ұқсас емделудің құны Еуропа мен Америка елдерімен салыстырғанда, төмен.

Израильде аллергияны емдеу туралы қызықтырған сұрақтарыңызды Сіз біздің мамандарымыздан сұрай аласыз, оларға көрсетілген телефон нөмірлері арқылы, электронды пошта бойынша немесе емделуге сұраныс жіберу арқылы.