Call +972-508-77-22-11 Call +972-361-61-011 Call Heart4u info@heart4u.ru

Жеке кабинет

 

2014-11-21 04-27-40 Скриншот экрана

Бағдарлама өз денсаулығына көңіл бөлетін және өз медициналық құжаттарын тәртіпте сақтағысы келетін адамдардың барлығына арналып, құрылған. Сізге өзіңіздің медициналық ақпараттарыңызды сақтау үшін 5 гигабайттық орын беріледі.  «Жеке кабинет» тәртіп сақтау және Сізге ыңғайлы болу үшін, папкаларға бөлінген, папкалар: «Дәрі-дәрмектер», «Рентген суреттері», «КТ және МЖТ суреттері», «Құжаттар» және, әрине, «Дәрігерлердің қорытындылары». Барлық деректерді сурет түрінде де, мәтін түрінде де сақтауға болады. Сіз  өз құжаттарыңыздың  көшірмелерін файл түрінде немесе өте оңай, «Word» құжатындағыдай, көшірілген мәтін түрінде қосып қоя аласыз.  Ақпаратты кез келген электрондық  гаджеттен көшіруге болады: компьютерден, планшеттен, телефоннан және әншейін  «Жеке кабинетке» қосып қоюға болады.

КТ және МЖТ бар дискілерді толығымен, сапасына нұқсан келтірмей, жүктеп қоя аласыз.

Қандағы қант мөлшері мен қысымды жазып қоятын папкалар өзіңіздің қант мөлшері деңгейіңіз бен қысымыңыздың көрсеткіштерін сақтап қоюға көмектеседі.

Қан қысымы асық адамдарға бақылау мен емделуге көмектеседі.  Емделуші жазбалардан бөлек, кестелер де жасай алады және емдеуші дәрігердің көмегімен артериялық қысымды ойдағыдай теңестіре алады.

Қант диабетімен ауыратын емделуші кестелер жасап, НАМ (негізгі алмасу мөлшерін) теңестіріп, емдеуші дәрігердің көмегімен қант диабетін ойдағыдай теңестіре алады.

 

Сізге ыңғайлы болу үшін, қандай да болмасын, ақпаратты «Жеке кабинетке» ауыстырған соң, сіз сипаттамасын немесе атын қосып жаза аласыз. «Жеке кабинет» кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінде қол жетімді, сондықтан сіздің құжаттарды өзіңізге ыңғайлы уақыта көрсетуге немесе ауыстырып жүктеп алуға мүмкіндігіңіз бар.

Сонымен қатар, өз ауруларыңыздың тарихын толығымен «Жеке  кабинетке» орналастыра аласыз. Егер Сіз зертханалық талдаулар жасатсаңыз және олардың нәтижелерін бойыңызды, салмағыңызды, жасыңызды көрсетіп, еңгізсеңіз,  өзіңіздің мынадай көрсеткіштеріңізді: ДСИ (дене салмағы индексі), сіздің денеңіз пайдаланатын қуат мөлшерін, сонымен қатар, сіздің бүйректеріңіздің қызметі туралы ақпараттар ала аласыз.  Бүл ақпарат сіздің ең жағымды салмағыңызды сақтауға және дәрі-дәрмектерді дұрыс пайдалануға пайдалы болуы мүмкін.

Әсіресе, бұл қызмет  қант диабетімен ауыратын адамдар үшін пайдалы, өйткені, қант мөлшерінің асып кетуінен сақтайды. Клиникады емделушінің қайсысы болмасын, «Жеке кабинетті» — бір жылға тегін алады.

 «Жеке дәрігер» бағдарламасын пайдаланатын науқастардың  қайсысы болмасын, «Жеке кабинетті» емделу мерзіміне және емделуден соңғы үш айға сыйлыққа- тегін алады.

Клиникада тексеріліп жатқан науқастар да «Жеке кабинетті» тексерілу мерзіміне және тексерілуден соңғы үш айға сыйлыққа- тегін алады.

Бетке ауысу :

Бағдарламаның жалпы құны:

Айына 28 $

3 айға 72 $ (айына 24 $)

6 айға 119 $ (айына 19,9 $)

12 айға 174 $ (айына 14,5 $)

Назар аударыңыз! Қандағы қант мөлшерін және қан қысымын үйлестіру баңдарламасы қатысушыларға «Жеке кабинет» қызметі 1 жылға ТЕГІН ұсынылады. «Интернет-қызметтерін» қолданушыларға «Жеке кабинетке» кіру мүмкіндігі 6 айға ТЕГІН беріледі.
Одан қоса, емделу мерзімі аяқталған соң, «Жеке кабинетте» сақталған сіздің мәліметтеріңіз жойылмайды және де сізге талап етілген кезде сұрау негізінде ұсынылады.